$ 494.87  520.65  4.91

Атырау облысында 20-дан астам жұмысшы тамақтан уланып қалды

Онда жаппай улану бірінші рет болып тұрған жоқ. Соңғы рет тамақтан өткен жылдың қазан айында 28 адам уланған.
фото: egemen.kz
фото: egemen.kz

Атырау облысындағы Теңіз кен орнындағы асханада 20-дан астам адам уланып қалды. Өзін нашар сезінген жұмысшылар Теңіз вахталық кентінің клиникасына жүгінді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Олардың тоғызына медицина қызметкерлері сол жерде көмек көрсетті. Ал 16 адам Құлсары қаласы аудандық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне жіберілген.

Кейін 12 жұмысшыға жеңіл дәрежедегі улану диагнозы қойылып, оларға компанияның оқшаулағышынан емделуге рұқсат берілді. Төртеуінің жағдайы орташа деп бағаланып, аудандық ауруханада емделуге жатқызылды. Алдын ала диагноз – тағамдық токсикоинфекция.

Айта кетерлігі, онда жаппай улану бірінші рет болып тұрған жоқ. Соңғы рет тамақтан өткен жылдың қазан айында 28 адам уланған. 

«Тексеру нәтижесі бойынша тиісті шаралар қолданылатын болады. Асхананың жұмысы тоқтатылды. Ол тексеру аяқталғанша жұмыс істемейді», - дейді Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Амантай Жұмағалиев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары