$ 494.87  520.65  4.91

«Үйқамақта отырғанына бір жыл»: күйеуін қайтаруды талап еткен келіншек пикетке шықты

"Оны жазықсыз ұстап, "тыңшы" деген айыппен 2004 жылы 13 жылға соттап, түрмеге қамады. Одан соң бір жарым жыл саяси лагерьде ұстады, ал содан кейін үйқамақта отырғанына бір жыл, бір ай болды", - деген болатын.

Қытайдан күйеуін қайтаруды талап еткен Фарида Қабылбек 20 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласындағы Қытай елшілігіне барды. Үстіне күйеуі туралы мәліметтер жазылған плакат іліп, жалғыз өзі пикет өткізді.

Фарида Қабылбектің құжаттарын Қытай елшілігін күзететін полиция қызметкерлері тексерді. Аты-жөнін айтпаған елшілік қызметкері оған "талап арызын хатпен білдіру қажеттігін айтты. Осыдан кейін Фарида Қабылбек елшіліктің құжат қабылдайтын бөліміне қарай кетті.

Бұрын Қытайдан келген Қазақстан азаматы Фарида Қабылбек күйеуін босатуды талап етіп, Қытайдың Алматыдағы консулдығына да барған. Бірақ, консулдық қызметкерлері шықпаған еді.

Фарида Қабылбектің айтуынша, күйеуі Рахымжан Зейнолла Қытайда 13 жыл түрмеде отырған. Шыққан соң бір жарым жыл саяси лагерьге жіберілген. Қазақстан сыртқы істер министрлігі Рахымжан Зейнолла ісіне байланысты Қытай елшілігіне ресми хат жолдағанын хабарлаған.

"Оны жазықсыз ұстап, "тыңшы" деген айыппен 2004 жылы 13 жылға соттап, түрмеге қамады. Одан соң бір жарым жыл саяси лагерьде ұстады, ал содан кейін үйқамақта отырғанына бір жыл, бір ай болды", - деген болатын.

Әйелінің сөзінше, Қытай билігі Рахыжан Зейнолланы 2004 жылы Шыңжаңға өзімен бірге қыдырып барған кезде ұстаған. Әуелде "Қытайдан Қазақстанға адам тасымалдаумен айналысты" деген күдікке ілінген Рахымжан кейін "тыңшылықпен айналысты" деген айып тағылып, он үш жылға сотталған.
 

Дереккөз: Азаттық радиосы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары