$ 444.22  476.38  4.82

Оралда кондуктор мен жолаушы автобуста төбелесіп қалды (ВИДЕО)

Автобус тоқтамағанына ызаланған жігіт кондуктормен текетіресіп, сөзге келіп қалады.

Оралда  автобуста төбелескен кондуктор мен жолаушының жаға ұстасқан сәтінен видео пайда болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Төбелестің видеосы әлеуметтік желіде қарқынды таралып жатыр. Видеодан кондуктор мен жолаушының төбелесінен автобустағы өзге жолаушылардың шошып, олардан алысырақ орынға ауысып тұрғанын байқауға болады.

Оқиға 19 қаңтар күні сағат 16:00 шамасында №22 бағытта жүретін қоғамдық автокөлікте болған. Бұл туралы 
 Орал қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль бөлімі жолаушылар көлігі секторының меңгерушісі Алмас Ахошев айтты.

Автобус кондукторының түсініктемесіне мән берсек, ол медициналық колледж аялдамасынан құс фабрикасы ауданына қарай кетіп бара жатқан кезде бір азамат көлікті тоқтатуды талап етіпті. Бірақ, әлгі  жолаушы көлікті тоқтатуды сұраған жерде жаяу жүргінші жолы болмаған. Автобус тоқтамағанына ызаланған жігіт кондуктормен текетіресіп, сөзге келіп қалады. Соның салдарынан төбелес шыққан.

А.Ахошевтің сөзінше, осы төбелеске байланысты кондуктор мен жүргізушіні шақырып, оқиғаның жай-жапсары анықталуда. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары