$ 490.84  536.88  5.04

Алматыда бір мезетте сегіз автокөлік соқтығысты

"Camry" бамперін іліп кеткен", - дейді "СТВ" тілшісі.
Фото: Tengrinews.kz
Фото: Tengrinews.kz

Алматыда  сегіз  көлік бір мезетте соқтығысты. Жол апаты Сайын мен Жандосов көшелерінің қиылысында болға, деп хабарлайды "СТВ".

Көліктердің соқтығысуына куә болғандардың сөзінше, бұл оқиға 21 қаңтар күні таңғы уақытта болған. 

 "Mercedes GL" маркалы автокөлік солтүстік бағытта кетіп бара жатқан екен. Апаттың алдын-ала болжамдары үңілсек, көліктегі адамның денсаулығы сыр берген. Сондықтан "Mercedes" тізгініндегі адам бар жылдамдықпен "Toyota Spacio" көлігін соққан көрінеді. Соқтығысу салдарынан "Lada Largus" көлігіне де соққан екен. 

 "Соққыдан кейін "Mercedes" бірден тоқтай алмай, жолдардың қиылысына өтіп кетіп, "Volkswagen Golf" автокөлігіне соқтығысады. "Volkswagen" апат әсерінен бағдаршамның жасыл түсін күтіп тұрған "Kia, Mercedes" және "Toyota Camry" маркалы авокөліктерін ұрынды. Жаппай жол-көліктердің соқтығысу оқиғасы барысында "Kia Cerato" апат болған жерден айналып өтпек болған. Дегенмен,"Camry" бамперін іліп кеткен", - дейді "СТВ" тілшісі.

Әзірге жол апатынан екі адамның зардап шеккені белгілі. Олар "Volkswagen" көлігіндегі жолаушысы мен "Mercedes GL" жүргізушісі. Зардап шегушілердің екеуі де ауруханаға жеткізілген. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары