$ 494.87  520.65  4.91

Әйелінің «үйді жинап шықшы» деген өтінішіне жынданған еркек оны тұншықтырып өлтірмек болды

Күйеуінің шығып кеткенін ұтымды пайдаланған әйел полицияға хабарласқан.
Фото: Today.kz
Фото: Today.kz

Алтай өлкесіне қарасты Кош-Агач ауданының тұрғыны әйелін тұншықтырып өлмірмек болды. Күйеуінің мұндай қадамға баруына әйелінің одан "Үйді жинап шықшы" деген өтініші себеп болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Lenta-ru-ға сілтеме жасап.

Еркек әйелін тұншықтыруға тырысып ғана қоймай,  "үй жинашы" деген сөзі үшін өлтіремін деп қорқытқан. Бұл оқиға жайлы ақпарат сол аймақтың ішкі істер министрлігі басқармасының сайтында жарияланды.  

Ведомства дерегінше, әйел үй жинаудан бас тартып, күйеуіне "Үйді жинап шықшы!" деп өтініш айтады. Бұған ашуланған еркек әйелін қабырғаға тақап, қылқындыра бастаған. Арада біраз уақыт өткенде сабырға келіп, аулаға шығып кеткен. Күйеуінің шығып кеткенін ұтымды пайдаланған әйел полицияға хабарласқан.

Қазір әйелге тап берген күдікті ұсталды. Ол әйеліне неге мұндай қысастық қылғанын түсіндірді. Осы іске байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары