$ 448.15  483.46  4.86

Зейнеткерді ұрып-соққан жүргізуші қылмыстық жауапкершіліктен құтылып кетті

Сот отырысы барысында талапкер Виталий Кимге қатысты қылмыстық істі тоқтатуды сұрап, екі жақта  істі қысқартуға қарсы еместігін білдірді.
Фото: 24.kz
Фото: 24.kz

Шағымданушы тарап, өтемақы үшін 3,5 млн теңге талап еткен. Нәтижесінде, 69 жастағы жәбірленуші Анатолий Шевцов ірі супермаркеттің экс-директорымен мәмілеге келген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

   Екі тарап тек зәбірленуші зейнеткерге, моральдық-материалдық жағынан келтірген зиянын өтеп берген соң мәмілеге келіп отыр. "Lexus" маркалы автокөліктің жүргізушісі зейнеткерге 1 млн 700 мың теңге берді, жалпы бұған дейін кінәлі тараптан шағымданушы өтемақы ретінде 3,5 миллион теңге сұраған. Нәтижесінде, сот отырысы барысында талапкер Виталий Кимге қатысты қылмыстық істі тоқтатуды сұрап, екі жақта  істі қысқартуға қарсы еместігін білдірді. Ақырында сот "Виталий Ким ҚР Қылмыстық кодексінің 68-бабының 1-бөлігі негізінде ҚР К-нің 107-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылсын және қылмыстық іс қысқартылсын" деген қаулы жасады.

Естеріңізде болса, 69 жастағы зейнеткердің жәбірлену оқиғасы өткен жылдың 23 қазанында болған еді. Жол талғамайтын көлік тізгініндегі адам қарт кісіге бірнеше рет соққы жасаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#зейнеткер