$ 481.84  531.33  5.07

«2500 теңге» үшін бөтелкелесін өлтірген

«Өлтірем» деген сөздерді айтып ас үйден пышақ алып келіп, төсекте жатқан Бердіғалиевтің кеудесінің сол жағына соққы жасаған.

22 қаңтар күні үкімді Бақыт Ермаханов БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпарат порталы, Uralskweek.kz-ке сілтеме жасап.

"Өткен жылдың 23 қыркүйегінде таңертеңгі сағат сегіз шамасында Зачаганск ауылында 56 жастағы Талғат Тагбергенов пен 35 жастағы Айболат Бердіғалиев  бірге ішімдік ішкен. Сотталушы Тагбергенов мас болып отырған кезінде өзінің ұялы телефоны мен әмиянын жоғалтып алғанын есіне алады. Сол кезде сотталушы Бердіғалиевтен "Менің заттарымның қайда екенін білесің бе?" деп сұрайды. Жәбірленуші Бердіғалиев ештеңеге жауап берместен үнсіз үйден шығып кеткен", - деді БҚО қылмыстық істер жөніндегі сотының судьясы Бақыт Ермаханов.

Ісі материалдарында жәбірленуші 15 минуттан кейін қайтып оралғаны айтылады. Қолында ол айыпталушыға берген әмиянды ұстап, үндемей сол бөлмеде тұрған төсекке жантайған. Тагбергенов әмиянды ашып, екі жарым мың теңгенің жоғалғанын көргенде, қатты ашуланып, жәбірленушіден әмиянды қайдан және кімнен алғанын сұрай бастаған. Бірақ, жәбірленуші Айболат Бердіғалиев бірге ішімдік ішкен адамның сөзін елемеген.

 Бөтелкелесінің мұндай қылық көрсеткенінің аушланған Тағбергенов «өлтірем» деген сөздерді айтып ас үйден пышақ алып келіп, төсекте жатқан Бердіғалиевтің кеудесінің сол жағына соққы жасаған. Соққы салдарынан Айболат Бердіғалиев оқиға орнында қайтыс болды», - деді Бақыт Ермаханов.

Қазіргі таңда кісі өліміне кінәлі адам 11 жылға бас бостандығынан айырылды.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары