Қытайда таралған аса қауіпті вирус салдарынан Ухань қаласында карантин жарияланған еді. Карантин салдарынан жергілікті тұрғындарға басқа аймақтарға бара алмай отыр. Оған қоса, әлгі аймаққа сырттан келгендерді де мүлдем кіргізбеуде. Ешкім кіріп не шыға алмағандықтан азық-түліктері таусылған халық тамақ үшін бір-бірімен бетжыртысып, жанталасуда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қала терриоториясынан сырт жаққа шыға алмаған тұрғындар амалы құрып, дүкендердегі бар азық-түлікті таласып-тармасып сатып алуда. Олар сауда жасау үшін әбден дүрбелеңге түскенге ұқсайды. Тіпті, тұтынушылар тамақ үшін жаға жыртысып әлек. Бұл туралы "Би-би-си" қызметі ақпарат жариялады.
Басылымның дерегіне сенсек, 21 қаңтардан бері қалада карантин режиімі енгізілген көрінеді. 9 миллионнан астам халық тұратын қалада тіпті, қоғамдық көліктер, пойыздар мен әуе рейстері тоқтатылған. Әзірге каратиннің қанша уақытқа дейін созылатыны белгісіз.
Көліктер қатынауының тоқтап қалуы, халықтың үрейін ұшырып, азық-түлікті артығынан алып қоюға мәжбүрлеген секілді. Кейбір тұрғындар әлеуметтік желі арқылы мұңын шағып, қалыптасқан жағдайға байланысты наразылықтарын әупірімдеп болса да жеткізіп жатыр.