Нұр-Сұлтанда ер адамдардың арасында жанжал болды, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жедел полиция қызметкерлері 23 қаңтарда сағат 18.40-та 5 адамды ұстады. Тұрғын үйдің ауласында қоғамдық тәртіпті бұзғандардың біреуі төбелес болған мекен-жайда тұратыны анықталды.
Қақтығыстың арты ұлғайып, ұсталғандардың бірі пышақпен қарсыласына шабуылдаған. Кейін олар 2 көлікпен оқиға орнынан із суытқан.
Полиция бірнеше сағат бойы жасырынған адамдарды анықтап, қамауға алды. Пышақ салған күдікті Нұр-Сұлтан қалалық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.