Оқиғалар 26.01.2020 сағат 10:35

«Айқай естідім»: үйін тәркілеуге қарсы болған тұрғын өзін-өзі өртеп жібергенде қызметкерлер көліктеріне мініп қарап отырды

Мәжбүрлеп орындату бюросының қызметкерлері қызметтік көліктеріне мініп, терезеден қарап отырды.
«Айқай естідім»: үйін тәркілеуге қарсы болған тұрғын өзін-өзі өртеп жібергенде қызметкерлер көліктеріне мініп қарап отырды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Өзбекстанда Әндіжан облысының осы аттас ауданында үйін тәркілеуге қарсы шыққан 31 жастағы тұрғын өзін-өзі өртеді. Оқиға 21 қаңтарда кешке "Бешбуйнок" махалласында болды, деп хабарлайды Stan.kz.

Куәгерлердің айтуынша, ауруханаға жеткізілген тұрғынның денесінің шамамен елу пайызы күйіп қалған.

"Айқай естідім. Сол кезде Хушнуд үстіне бензин құйып, шырпымен өртеді. Он алты минуттай жанды. От 1,5 метрге дейін көтерілді. Мәжбүрлеп орындату бюросының қызметкерлері қызмет көліктеріне мініп, терезеден қарап отырды. Сосын кетіп қалды. Көршілер шығып, өртті сөндірді. Хушнудты ауруханаға алып бардық. Оның жағдайы ауыр, мойны мен жүрек тұсы қатты күйген", - деді куәгерлердің бірі.

Хушнудтың әпкесі Гүлбахор Омонованың айтуынша, бюро қызметкерлері оның інісінен үйін босатуды талап еткен.

"2013 жылы оның үйі кепілге қойылған. Інім жұмаға дейін уақыт сұраған. Дегенмен, инспекторлар оған келіспеген. Сол кезде інім өзін өртеген. Қазір ол ауыр халде ауруханада жатыр. Жұтқыншағының 45 пайызы күйіп қалған", – деді Гүлбахор.

Өзбекстанда соңғы жылдары тұрғындардың шарасыздықтан өзін-өзі өртеген жағдай жиі қайталанып жүр.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар