$ 443.85  474.3  4.8

Матч қарсаңында төбелескен 25 жастағы футболшы өліп кетті

Ес-түссіз жатқан жерінен тапқан.
Фото: iz.ru
Фото: iz.ru

Британиялық «Мэтлок Таун» футбол командасының жартылай қорғаушысы Джордан Синнот алған жарақат салдарынан көз жұмды. Ол матч қарсаңында төбелеске қатысқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, The Sun дерегіне сілтеме жасап.

25 жастағы Синнотты сауда қатарларының бірінде ес-түссіз жатқан жерінен тапқан.Төбелес барда болған.  Полицияның хабарлауынша, аяғы кісі өліміне алып келген төбелеске футболшыны қосқанда 8 еркек, 1 әйел қатысқан.

 Синнотты тауып алған соң, бас сүйегі сынған деген күдікпен оны ауруханаға жеткізген, сол жерде футболшы көз жұмған екен.

Полиция қазір қылмысқа қатысы бар күдіктіні ұстады.Оқиғаны зерттей келе 27 жастағы жігіт тұтқындалды.

Синноттың оқыс жағдайда қаза табуына байланысты, ол өнер көрсететін футбол командасы матч уақытын кейінге шегерді.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары