$ 449.58  486.94  4.86

«Түтікше арқылы тамақтануға мәжбүр»: сабақта мектеп оқушысының тістерін «қағып түсірді»

Мектеп басшылығы болған оқиғаға жауап бермейміз деп отыр. Тіпті, кешірім де сұраған жоқ.
Фото: Sputniknews.kz
Фото: Sputniknews.kz

Қарағандылық мектеп оқушысы алдыңғы тіссіз қалды. 6 сынып оқушысын сыныптасы күтпеген жерден итеріп қалған, содан соққы алған бала үстелдің бұрышына соғылып, алдыңғы тістері жұлынып кеткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Nur.kz-ке сілтеме жасап.

Оқыс оқиға Қарағанды облысының Майқұдық ауданындағы орта мектептердің бірінде болған. Зәбірленуші баланың анасының айтуынша, осы оқиға болған сәтте мұғалім сыныптан шығып кеткен көрінеді.

  «Педагог кабинеттен шығып кеткенде сыныптасы баламды әдейі және тұтқиылдан итеріп жіберген. Ол сондай томпақ,семіз бала. Сондықтан, құлаған сәтте балам үстелдің бұрышына соғылған ғой. Ол құлап, үш тісі сынып қалды», - дейді тісінен қағылған баланың анасы.

 Оқиға жайлы хабарлаған соң, ата-ана мектепке жүгіріп жетіп, балаларын өздері ауруханаға жеткізген. Сол кезде дәрігерлер баланың үш тісі сынғанын айтқан.

«Мектеп басшылығы болған оқиғаға жауап бермейміз деп отыр. Тіпті, кешірім де сұраған жоқ. Бұған мектеп жауап бермесе, онда кім кінәлі? Мұғалім қалайша оқушыларды қараусыз қалдырған!», - дейді болған істің мәнісіне таңданған ана.

Қазір дәрігерлер зәбірленуші баланың тісіне шина қойып берген. Енді ол тек түтікше арқылы тамақтануға мәжбүр. Мектеп басшылығы болса,  жарақат алу фактісіне қатысты сыныпта тексеру жұмыстарын жүргізетінін хабарлады.

«Барлық болған жағдайды қазір анықтап, нақтылаудамыз. Сыныптасын итеріп жіберген оқушының ата-анасымен балаларын тәрбиелеу туралы жұмыс жүргіземіз», - дейді мектеп әкімшілігі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары