$ 494.87  520.65  4.91

580 мың теңге: Toyota Camry көлігін арзанға алғысы келген слесарь алаяқтың құрбанына айналды

Аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабына сәйкес «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.
Фото: newtimes.kz
Фото: newtimes.kz

60 жастағы әйел 26 жастағы слесарьдан «Тойота Камри-30» маркалы автокөлік сатып алуға көмектесетінін айтып, 580 мың теңге алған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жәбірленуші соңында не көліксіз, не ақшасыз қалды.

Сонымен қатар, 35 жастағы ақтөбелік әйел алаяқтың құрбанына айналды. Ол Instagram арқылы iPhone11-ді сатып алу үшін 522 мың теңге аударған, бірақ ол да смартфонсыз және ақшасыз қалған.

Аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабына сәйкес «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті қазақстандықтарды онлайн тауар алмауға және алдын-ала төлем жасамауға шақырады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#алаяқ