$ 494.87  520.65  4.91

«Ақшаны алып, демалысқа қашып кетті»: Түркістандағы аурухана қызметкерлері әділетсіздікке наразы

Бас дәрігер болса, 300 млн теңгенің өзі келгенге дейін жоғалғанын айтты.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Түркістан қалалық ауруханасының жұмысшылары еңбек жағдайлары мен әділетсіздікке наразылықтарын білдірді. Дәрігерлер, медбикелер, тіпті, есепшілер емхананың бас дәрігері оларды сыйақылардан әділетсіз айырады деп мәлімдейді. Жымқыру туралы айыптар да айтылады. Алайда, бас дәрігердің өз нұсқасы бар.

"Бізде екі медбике мен бір дәрігер үшін бір ғана компьютер бар. Онымен науқастардың электронды құжаттарын жазып үлгермейміз. Сосын олар да, дәрігерлер де риза емес. Ақшамызды да аз алдық. Бұрынғыдай 30-40 мың теңге 8-10 мың теңге етіп есептеген", - деді медбике Эльмира Атамқұлова. 

"21 қаңтарда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев жиналыс жасап, сыбайлас жемқорлық фактілерін атады. Ол қызметкерлеріне 600 мың ақша сыйақы аударған. Ал Шардарада жұмыс істейтін командасына 250-300, 500 мың ақша аударған", - деді қалалық аурухана есепшісі Әлия Өтебава. 

Бас дәрігер болса, 300 млн теңгенің өзі келгенге дейін жоғалғанын айтты. Ол үшін үш есепші жазасын өтеп жатыр.

"Егізбаев келіп қызметкерлерді маған қарсы қойып, мені айыптады. Ақшаны алып, демалысқа қашып кетті деді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметіндегілер менің сөзімді тыңдамады", - деді Жанар Оспанова.

Департамент ауруханада қаржылай келеңсіздіктер болғанын, 4 қызметкерді жұмыстан алғанын айтты. Ал бас дәрігер шағым жазып келмеді деп отыр.

Дереккөз: Stan.kz 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары