$ 498.34  519.72  4.85

Әлеуметтік желілерде елорда айналасындағы жантүршіктірер апаттар туралы суреттер тарап жатыр (ФОТО)

Тас жол бойындағы әзір ресми расталмаған төтенше жағдайлар Шортанды, Бозайғыр, Макинка, Щучинск аймақтарында болды деп көрсетілген.
фото: Бердібек Хабай
фото: Бердібек Хабай

Бүгін әлеуметтік желілер арқылы ақтүтек боран салдарынан апатқа ұшырап, жолда қалған көліктердің суреттері тарауда. Сурет беттеріне Ақмола облысы мен Нұр-Сұлтан қаласы аумағындағы елді мекендердің аты жазылған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тас жол бойындағы әзір ресми расталмаған төтенше жағдайлар Шортанды, Бозайғыр, Макинка, Щучинск аймақтарында юолды деп көрсетілген. Ал бетінде жазуы жоқ суреттер Қоянды ауылының тұрғыны, журналист Бердібек Хабайдың facebook парақшасынан алынды.

«Кеше қар қырсауында қалған көліктердің ұзын саны 100 емес, 200 шамасында болды. Оларға бүгін түс ауа жеткен төтенше жағдайлар қызметі көліктердің денін қардан босатқан. Ал кейбір көліктерді қардан аршып алу жұмыстары жалғасуда. Естеріңізге сала кетейік, бұл жолаушылар боран басталған сәтте Қоянды ауылынан елордаға жұмысқа бару мақсатында жолға шыққан болатын. Кейбір көліктердің ішіндегі адамдар әлі отырғандығы анықталуда. Енді көлік ішінде адамның бар-жоғын жіті тексеріп жатыр. Жолды қардан тазарту өте қиынға соғуда» деп жазған ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары