Әлеуметтік желілерде қар тазалаушы көліктің өртеніп жатқан видеосы таралуда. Өрттің шығуына сымдардың қысқа тұйықталуы себеп болған. Жүк көлігінің жүргізушісі зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Sputnik-ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желі қолданушылары көлік боранды күндердегі үлкен жүктемеге шыдас бермеген болуы мүмкін деп топшылауда. Ақмола облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға бүгін түс кезінде Шортанды ауданына қарасты Бозайғыр ауылының маңында болған.
Супра маркалы көліктің «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына тиесілі екендігі анықталды. Полиция қызметкерлері жүргізген тексеру қорытындысы бойынша, көліктің өртенуіне сымдардың қысқа тұйықталуы себеп болған.
Өрттен көліктің кабинасы мен қозғалтқышына зақым келген. 39 жастағы көлік жүргізуші дін-аман.