$ 489.06  536.21  5.05

Жігітпен алғашқы кездесуге шыққан қызды су жаңа танысы тонап кеткен

Желіде танысқан жігіттің келбеті суреттегіден мүлдем басқа болып шығыпты.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Бойжеткен 26 жастағы жігітпен әлеуметтік желі арқылы танысып, нәтижесінде онымен алғашқы кездесуге барған. Сол кезде жаңа танысқан жігіт қызды тонап кеткен. Оқиға Жамбыл облысында болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Фото: Stan.kz

Жамбыл облысының ПД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 26 қаңтар күні алматылық ару Тараз қаласының полиция бөліміне өзін кездесуге шақырған жігіттің тонап кеткені туралы арыз жазыпты. 

Бойжеткен әлгі жігітпен әлеуметтік желі арқылы танысқан. Танысқаннан кейін үш күн өткенде қыз Таразда онымен жүзбе-жүз кездесуге барған. Жігітпен бетпе-бет кездескен бойжеткеннің қазір әлгі азаматтан көңілі қалып отыр. Себебі, желіде танысқан жігіттің келбеті суреттегіден мүлдем басқа болып шығыпты.

"Қыз қарым-қатынасты бірден тоқтатпақ болған. Осылайша, олардың алғашқы кездесулері тонаушылық әрекетіне ұласқан. Ашуланған жігіт қыздың телефоны мен жеке куәлігін тартып алыпты. Тараздың қалалық полиция бөлімшесінің қызметкерлері қызды тонаған азаматты қолға түсірді. Оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 191 бабы, 1-бөлімі бойынша соталды тергеу жұмыстары жүргізілуде. Жамбыл облысы ПД-нің қызметкерлері әлеуметтік желі арқылы алаяқтардың әрекеттері жиілеп кеткен деп ескертеді", - делінген ресми хабарламада. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары