$ 449.58  486.94  4.86

Айы-күні жақындаған келіншек көлікте босанып қалды

Төтенше жағдай қызметі өткен түнде 322 адамды қар құрсауынан құтқарған.

Қарағанды облысында Төтенше жағдай қызметі өткен түнде 322 адамды қар құрсауынан құтқарған. Олардың көпшілігі жылыту бекеттеріне орналастырылып, ыстық тамақ берілді. Ал жолда тұрған жүк көліктерінің жүргізушілеріне ас-ауқат пен жанар-жағармай жеткізілді, деп хабарлайды Хабар 24.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, соңғы екі күнде 500-ге жуық адам дәрігердің көмегіне жүгінген. Ақтоғай селосынан Балқаш қаласына бағыт алған жедел жәрдем көлігі діттеген жеріне жете алмай, айы-күні жақындап отырған келіншек көлік ішінде босанған. Фельдшер Баян Ысқақова Нарманбет ауылының тұсында баланың кіндігін кесіп, анаға барынша көмек көрсеткен. Әлеуметтік желі қолданушылары сәбидің есімін Боранбай қойған деседі. 

 "Ысқақова Баянның біліктілігінің арқасында әйелді аман-есен босандырды. Сәби Балқаш қаласындағы перзентханаға аман-есен жеткізілді. Қазір баланың да, ананың да жағдайы жақсы, бала анасының жанында", - дейді Балқаш қалалық перзентханасының дәрігері Мейрамгүл Алпысбаева.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары