$ 495.2  522.34  4.94

Телефонмен ойнаған бүлдіршінді тоқ соқты

Шошып кеткен.
Фото: Youtube.com
Фото: Youtube.com

Семейде кішкентай бала ойнап жүріп "от басты". Бүлдіршін ұялы телефонмен ойнап тұрған сәтте жарақат алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, қалалық төтенше жағдайлар бөліміне сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар министрлігі жедел жәрдемн кезекшілігіндегілер 2016 жылы туған баланың күйіп қалғанын хабарлаған. Олар күйген баланы емдеуге қабылдаған.

«Бала зарядталып жатқан телефонмен ойнап отырғанда оны тоқ соқты, ол шошып кеткен. Соның салдарынан, бүлдіршіннің оң қолы күйіп қалды. Дәрігерлер оның денсаулығын қарап, тексеріп, содан соң үйіне жіберді», - деп түсіндірді төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері.

Төтенше жағдайлар бөлімі тұрғындарды кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары