$ 495.2  522.34  4.94

Сұғанақ қолдыға есесін жібергісі келмеген сатушы қарақшыға әбден қарсыласты (ВИДЕО)

Ол ұрлықшының пышақпен қорқытып, күндізгі саудадан түскен кассадағы ақшаны сыпырып кеткені жайлы арызданыпты.

Балқашта бетперде киген азамат дүкендердің біріне сатып алушы ретінде кіріп барған. Содан  сатушыдан темекі сұрап, ол басқа жаққа бетбұра берген сәтте, есептегішке арқылы секіріп түскен. Сол кезде сатушыны пышақпен қорқытып ақшаны алып кеткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ұрыдан қорықпаған ержүрек әйел болса, оған маңдай термен тапқан ақшасын оңайлықпен бергісі келмей біраз қарсыласқан.

29 қаңтарда Балқаш қаласының полиция бөліміне 43 жастағы қала тұрғыны бетперде киген белгісіз біреудің шабуыл жасағаны туралы шағымданған. Ол ұрлықшының пышақпен қорқытып, күндізгі саудадан түскен кассадағы ақшаны сыпырып кеткені жайлы арызданыпты.

Ұрлық жасау фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 192-бабы (қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері бұрын сотталған 34 жастағы қала тұрғынын ұстады. Ол кінәсін мойындаған. Қазіргі таңда іс бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары