$ 483.23  534.74  5.12

7 адамды өрттен құтқарған полицей «ерекше ерлік жасадым» деп ойламайды

Ал полицейдің өзі болса, өзін ерекше ерлік жасадым, таңқаларлық жайт" деп есептемейді. Қайта, "бұл - менің жұмысым. Кез келген инспектор осылай жасайтын еді" деп қарапайымдылық танытты.

Елордалық полицей Ерлан Жаңабаев өрт кезінде 7 адамды құтқарып қалған. Олардың арасында екі бала болыпты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ержүрек полицей ішкі істер органдарында 17 жылдан бері абыройлы қызмет атқарып келеді. Өз ісіне асқан жауапкершілікпен қарайтын тәртіп сақшысының қырағы көзі 1 ақпанда Орлыкөл көшесінде орналасқан жатақхана жақтан шығып жатқан түтінді шалып қалады. Содан еш ойланбастан ондағы адамдарды құтқарып қалуға дереу әрекеттеніп, өрт сөндіру қызметіне хабарласыпты.

"Өрт сөндірушілердің келгенін күтпестен, ол отқа оранған ғимараттың ішінен адамдарды құтқаруға кіріскен. Олардың ішінде қарт адамдар мен балалар да болған. Ерлан Жаңабаев 7 адамды құтқарып алған, арасында кәмелетке толмаған екі жеткіншек бар. Қазіргі уақытта өрттің себептері анықталуда. Бұл туралы полиция офицері кейіннен ғана айтып берді. Оның өзінде бұл жағдай куәгерлердің сөздерінен соң белгілі болды. Олар инспектор болмаса жағдайдың арты қайғыға алып келетін еді деп айтқан", - деді қалалық Полиция департаментіндегі Е.Жаңабаевтың әрістестері.

Ал полицейдің өзі болса, өзін ерекше ерлік жасадым, таңқаларлық жайт" деп есептемейді. Қайта, "бұл - менің жұмысым. Кез келген инспектор осылай жасайтын еді" деп қарапайымдылық танытты. 


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары