$ 514.65  544.6  5.17

Ақтауда караокеге қарумен кіріп, оқ атқан екі жігіт іздестіріліп жатыр (ВИДЕО)

Тергеу барысында бейнебақылау камералары түсірген видеолар мен атылған оқтар тәркіленген.

Ақтауда белгісіз екі адам бетперде киген күйі дәмханаға басып кіріп, ол жерде атыс ұйымдастырған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 2 ақпан күні қаладағы караокеде болған. Қаруланған екі жігіттің дәмханаға бетперде киіп кіріп келе жатқаны бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Бірі тапаншамен, екіншісі шолақ мылтықпен қаруланған олар ішімдікке сылқия тойып алған. Тәлтіректеп әрең жүр.

Полиция департаменті сол оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Қазір қоғамдық орында оқ атқан екеу іздестірілуде.

«07:30-да Ақтау қалалық ПБ бөліміне 07:00 шамасында белгісіз екі ер адам бетперде киіп, кафеге қару ұстап кіргені хабарланды. Олар Grammy's караоке-барының еденіне екі рет мылтық атып, оқиға орнынан бой тасалаған. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексі 293-бабының 3-бөлігі бойынша тергеу шаралары басталды.

Тергеу барысында бейнебақылау камералары түсірген видеолар мен атылған оқтар тәркіленген. Қазіргі уақытта күдіктілерді анықтау және ұстау үшін жедел-іздеу шаралары жүріп жатыр», - дейді полицейлер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#оқ #Ақтау #қару