04.02.2020, 18:20

Самара-Шымкент тас жолында автобус аударылып қалды

Автобус күзет қызметкерлерін тасымалдаған.

Cамара-Шымкент тас жолында көктайғақ салдарынан автобус аударылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«4 ақпанда сағат 14:00 шамасында Хромтау қаласынан 5 шақырым жерде «Неоплан» маркалы автобус жолдың тайғақ учаскесінде аударылып қалды. Автобус күзет қызметкерлерін тасымалдаған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ», - деп мәлім етті облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, Ақтөбе облысының полиция департаменті көлік жүргізушілеріне жолда сақ болуға және жылдамдық пен қозғалыс аралығын сақтауды ескертеді.