$ 494.87  520.65  4.91

Ата-ана түн ішінде балаларын тас жолда ұмытып кеткен (ВИДЕО)

Бала да көлік тоқтағанын сезіп, ұйқылы-ояу сыртқа шыққан.

Қызылорда облысында Самара-Шымкент тас жолында полицейлер белгісіз баланы тапты, ол түнгі уақытта жол бойында жалғыз өзі кезіп жүрген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицейлер Шиелі ауданындағы Сунақ ата ауылының маңында баланы байқаған. Оны дереу полиция бөлімшесіне жеткізіп, ата-анасы туралы сұрай бастаған. 

Тоғыз жастағы бала көлікте ата-анасымен бірге кетіп бара жатқанын айтты. Жол-жөнекей көлік аялдап, ата-анасы сыртқа шыққан. Бала да көлік тоқтағанын сезіп, ұйқылы-ояу сыртқа шыққан. 

Ата-анасы баласының көліктің артқы бөлігінде отыр деп, ары қарай жүріп кеткен.

Баламен сөйлескеннен кейін, полицейлер оның ата-анасын іздей бастаған. Кейінірек баланың ата-анасы табылды. Полицейлер баланы әке-шешесіне тапсырды. Олар сол кезде ғана өз салғырттығынан баласынан айырылып қалуы мүмкін екенін сезінген. 

Олар Ресей азаматтары екен және Тәжікстанға қарай бағыт алған. Олар баланың ата-анасы екені туралы барлық құжатты көрсеткен. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары