Атыраудағы үйлердің бірінің бейнебақылау камерасына түсіп қалған видео әлеуметтік желіде жылдам таралып кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, ATPress.kz-ке сілтеме жасап.
Роликтен әйел есікті аша бергенде баспалдақтан әлдебір ер адам түсіп, үй иесінің қарсылығына қарамастан, артынан пәтерге кіргенін көруге болады. Қаскүнемге әйелді аңдып келген сыбайласы көмектеседі.
Қас-қағым сәтте қарақшыларды пәтерден ер адам итеріп шығарып, ұра жөнеледі. Оған бала-шағасы көмектесіп, жанжал басталады.
Қылмыскерлердің бірі дереу бой тасалаған, ал қолға түсіп қалған екіншісі әрең дегенде қашып құтылады. Видеодағы датаға қарағанда, оқиға 3 ақпан күні сағат 18:46-да болған.
«Тонауға әрекеттену фактісі тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп видеоға түсініктеме берді Атырау облысы әкімдігінің Telegram чат-каналында оblystyk jergilikti polizya өкілі.
Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі кейінірек міндетті түрде ақпарат беруге уәде етті.