05.02.2020, 17:00

Құбырдан ер кісінің мәйіті табылды

фото: Elorda.info.kz
Зорлық белгілері табылған жоқ.

Ақтауда бір ер адамның денесі құбырдан табылды. Мәйіт қаланың №11а шағын ауданында орналасқан құбырдан шыққан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Құбырдан мәйіт табылғаны туралы ақпаратты МО Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер растап отыр. Қазір осы оқиғаға байланысты сот-медицина сараптамасы тағайындалған.

«Мәйіттен қандай да бір зорлық белгілері табылған жоқ. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деді мәлімдеді баспасөз қызметі.

Тегтер: Ақтау құбыр