$ 494.87  520.65  4.91

Жартылай жалаңаш атып шыққан пәтер қожайыны қарақшылардың сазайын тарттырды

Ентелеген екеу тұрғын үй қожайынынан қашып кеткенімен, полицейлердің құрығынан құтыла алмады.

 Атырауда пәтерге баса-көктеп кіріп, тонамақ болған қарақшылар ұсталды. Оқиға Нұрсая ықшамауданындағы көп қабатты үйлердің бірінде болған. Күдіктілер пәтерін ашып жатқан келіншектің ізінен аңдып тұрып, ашқан бойда жабуға мұрша бермей, бас салған, деп хабарлайды КТК-ға сілтеме жасап, Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Қарақшылар күтпеген жерден қарсылыққа тап болды. Пәтерде ешкім жоқ деп ойлаған ұрыларды үй ішінен іш киіммен атып шыққан ер адам тепкінің астына алып, қуып шықты. Әйтсе де, ентелеген екеу тұрғын үй қожайынынан қашып кеткенімен, полицейлердің құрығынан құтыла алмады. Қазір екі күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Бұлар енді 7 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Себебі, олар бұрын да қарақшылық үшін жазаланған болып шықты.

"Полиция қызметкерлерінің іздестіру шараларын жедел қолға алуының нәтижесінде, екі азамат құрықталды. Олар 1987 және 1992 жылы туған қала тұрғындары болып шықты. Мәліметтер қорын тексеру барысында күдіктілердің бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Қазір бұл екі азаматтың басқа да қылмыстырға қатысы бар-жоғы анықталуда", - дейді Атырау облыстық ПД баспасөз хатшысы Гүлназира Мұхтарова.

Еске сала кетсек, олардың кім екені анықталмай тұрған кезде, үй иесіне шабуылдаған күнгі видеосын жариялаған болатынбыз.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары