$ 449.58  486.94  4.86

Бетперде киген қарақшы әйелдің сөзінен шошып, қарасын батырған

Соның арқасында әйел бір өлімнен аман қалды.
Фото: metro.co.uk
Фото: metro.co.uk

Қытайда бір әйелдің үйіне баса-көктеп, бетперде тағып кірген 25 жастағы жігіт шалқасынан құлай жаздады. Себебі ол, әлгі әйелдің сөзінен кейін шошып кеткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Үйін тонамақшы болған қарақшыға әйел өзінің коронавирусқа шалдыққанын айтқан. Соның арқасында әйел бір өлімнен аман қалды. Әлемді дүрліктірген аурудың арқасында аман қалған әйелдің басынан өткен бұл оқиға туралы "Metro" жазды.

 Бұл жай өткен жұмада Қытайдың Цзиншань шаһарында болған. Үйіне баса-көктеп кірген адамды көрген сәтте әйел қатты жөтеліп, "Мен Ухань қаласынан келдім. Коронавирусқа шалдықтым. Сондықтан үйде карантинде жатырмын", - деп айқайға басқан.

  Әлгі әйелдің айқайынан шошығандықтан бетперде киген адам оның телефоны мен ақшасын алып, тайып тұрыпты. Абырой болғанда қарақшы ұсталыпты.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары