07.02.2020, 16:20

Ақтөбе: колледждің 2 курс студенті қатарласын пышақтап кетті

Фото: КТК.KZ
Тергеу әрекеттері жүргізілуде.

7 ақпанда сағат 10: 00-де Ақтөбе қаласының Жедел жәрдем ауруханасына пышақ жарақаттарын алған Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің колледжінің 2 курс студенті жеткізілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Ақтөбе облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбе қалалық полиция басқармасының №1 ПБ-мен ҚР ҚК-нің 24-3, 99-бабының 2-бөлігімен "Адам өлтіруге оқталу" бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Аталған қылмысты жасады деген күдікпен аталған оқу орнының 2 курс студенті ұсталды.

Қылмыс құралы - пышақ алынды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Тегтер: студент пышақ