10.02.2020, 00:10

«Неге сонша зұлым болды екен?»: Тұңғыш Президент алаңында жасөспірімдер жаппай төбелесті (ВИДЕО)

«Төбелескендердің барлығы анықталды. Олар қаладағы мектептердің бірінде оқиды, жастары 15-17 аралығында», - деді ПД өкілдері.

Оралда Тұңғыш Президент алаңындағы Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының алдында жасөспірімдер жаппай төбелесті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Желіде осы оқиғаның видеосы жарияланды. Онда оқушылардың үш-үш адамнан жекпе-жекке шыққаны көрсетілген. Олар өзара төбелесе кетеді. Осы кезде куәгерлер барлығын ұялы телефонға түсірген.

«Сұмдық, бұл жігіттер неге сонша зұлым болды екен?» деп жазды әлеуметтік желі қолданушылардың бірі. «Ережесіз жекпе-жекті көріп алғандар», - дейді басқасы.

БҚО Полиция департаментінің өкілдері осы оқиғаға қатысты пікір білдірді.

«Төбелескендердің барлығы анықталды. Олар қаладағы мектептердің бірінде оқиды, жастары 15-17 аралығында», - деді ПД өкілдері. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігі («Бұзақылық») бойынша тергеу шаралары басталды.