$ 494.87  520.65  4.91

Көкшетауда балалар ауруханасына шабуылдаған сотқар тергеліп жатыр

Ғимаратқа кіргеннен кейін ол 54 жастағы күзетшіге бас салып, одан соң аурухананың мүлкін бүлдіре бастаған.

Көкшетауда полиция балалар ауруханасында болған оқиғадан кейін тексеріс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 6 ақпанда түнде үш қабатты емхана ғимаратына 1991 жылғы ер адам кіріп кеткен. Ғимаратқа кіргеннен кейін ол 54 жастағы күзетшіге бас салып, одан соң аурухананың мүлкін бүлдіре бастаған.

Бұзақы пластикалық есіктерді, шыныпакет пен микроскопты сындырған. Осылайша 416 мың теңгеге материалдық шығын келтірген.

Полиция мәліметтеріне сәйкес, 29 жастағы Көкшетау тұрғыны алдымен достарымен бірге ішіп, кейін ауруханаға кіруге бел буған. Қазір ол түнде не болғаны есінде жоғын мойындады.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабы, 1-бөлігі (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Енді Көкшетау тұрғынына айыппұл салынады немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары