$ 514.65  544.6  5.17

ҰҚК есірткі өндіретін жасырын зертхананың былығын әшкереледі

Жүйкеге әсер ететін дайын өнім Интернет-ресурстар арқылы және байланыссыз тәсілмен құпия орынға салу жолымен таратылғаны анықталды.

ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхананың әрекетін тоқтатты. 2020 жылғы 4 ақпанда жедел-іздестіру іс-шараларын іске асыру барысында аса ірі мөлшерде синтетикалық есірткіні құпия орынға қалдыру сәтінде есірткі зертханасын ұйымдастыруға және оның жұмыс істеуіне қатысы бар Алматы қаласының «А» деген тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, ҚР ҰҚК-нің ресми сайтына сілтеме жасап.

Фото: Stan.kz

Қазіргі кезде жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу нәтижесінде шамамен 5 кг синтетикалық есірткі, 1 кг және 260 литрге жуық химиялық қоспа табылып, алынды, олар сот-химиялық сараптамаға жолданған. Жүйкеге әсер ететін дайын өнім Интернет-ресурстар арқылы және байланыссыз тәсілмен құпия орынға салу жолымен таратылғаны анықталды.

ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті осы факт бойынша ҚР ҚК 297-бабының 3-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғады. Ұсталған адам тергеу изоляторына қамалды, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жалғасып жатыр.

Жүйкеге әсер ететін есірткі затын дайындайтын екі жасырын зертхананың әрекеті тоқтатылды. Есірткі бизнесімен айналысқаны үшін 11 адам ұсталып, қылмыстық жауаптылыққа тартылған.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары