$ 494.87  520.65  4.91

«Бұл сирек жағдай»: күйеуін өлтірген әйелге сот күтпеген үкім шығарды

Қоғам белсенділерінің мәліметінше, жыл сайын 70 мыңға жуық шағым зорлық көрсететін ер адамдарға түседі. Олардың тек санаулысы ғана жазаланатын көрінеді.
Фото: syr-media.kz
Фото: syr-media.kz

Алматыда күйеуін абайсызда өлтіріп қойған әйелге сот ерекше күтпеген шешім шығарды.  Күйеуі көп қан жоғалтып, соның салдарыан жедел жәрдем қызметкерлері оқиға орнынан жетем дегенше көз жұмған. Соның салдарынан кісі өліміне күдікті ұзақ уақытқа түрмеге қамалуы мүмкін еді. Алайда сот шешімі мүлдем басқаша болып шықты. Соттың бұл шешіміне тіпті, күдіктінің қорғаушысы да  таңқалып отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Astana.tv-ға сілтеме жасап.

Ер адамның өлімі былтыр жазда болған.  Екі бала тәрбиелеп, 14 жылдан бері бірге тұрып келе жатқан ерлі-зайыптылардың арасында отбасылық кекілжіңдер жиі болып туындаған. Әйелдің айтуынша күйеуі үйіне үнемі мас болып келген көрінеді. Кезекті жанжал кезінде әйел күйеуінен өзін қорғау үшін қолына пышақ ала жүгіріпті.

"Оқиға ас бөлмеде болды. Оны ұрғым келмеген еді, ол қолын сермеген кезде жараланып қалған секілді. Жедел жәрдем ұзақ кешіккендіктен оған алғашқы медициналық көмек те көрсеттім", - дейді Алматы тұрғыны. 

Айтпақшы, әйел жедел жәрдем қызметкерлері келгенше күйеуіне көмек кқрсетіп, өлімнен арашалап қалуға тырысқан. Әйтсе де, күйеуі көп қан жоғалтқандықтан жедел жәрдем келгенше "жүріп кетіпті". Алматылық әйел 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін еді. Дегенмен, соттың үкімі мүлде басқа болып шыққан. Сот әйелге шартты түрде бір жылға жаза берді.

"Бұл сирек жағдай. Қорғаушы ретінде соттың әділ шешім шығарғаны үшін алғыс айтамын", - дейді адвокат Әсел Сұлтанмұратова.

Қоғам белсенділерінің мәліметінше, жыл сайын 70 мыңға жуық шағым зорлық көрсететін ер адамдарға түседі. Олардың тек санаулысы ғана жазаланатын көрінеді. Бұрын тұрмыстық зорлық әрекеті үшін ер адамдар тек айыппұл төлеп құтылса, бұдан былай бірнеше тәулікке қамалады.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары