$ 494.87  520.65  4.91

Перзентханада мұрнынан айрылған сәби шетінеді

Анасының сөзіне сенсек, мейірбикелер нәрестеге дұрыс қарамаған көрінеді.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Ақтаудағы перинаталдық орталықта мұрнынан айрылған сәби шетінеп кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, lada.kz-ке сілтеме жасап.

 Сәбидің бар болғаны 7 айлық еді. Нәрестенің аты-жөні Талғат Бекназаров, ол 7 ақпанда ауруханадан шығарылған.

«Нәрестені үйге шығаруды сұрап, анасы өтініш және қолхат жазып кеткен. Тіпті, отбасы өкпеге оттегі беретін аппарат сатып алған. Балаға өкпе фиброзы деген диагноз қойылған болатын. Сәбиде мұндай дерт жасанды тыныс алу аппаратында ұзақ уақыт жатудан пайда болған», - делінген облыстық балалар ауруханасының хабарламасында.

Естеріңізде болса, баланың анасы қалалық перинаталды орталыққа 2019 жылдың шілдесінде түскен. Сәби мезгілінен бұрын туғандықтан, жасанды тыныс алу аппаратына жатқызылған екен. Кейіннен комиссия аппарат маскасы бетіне тым жақын қойылғандықтан, нәрестенің мұрнында тіндік некроз пайда болғанын анықтаған.

 Анасының сөзіне сенсек, мейірбикелер нәрестеге дұрыс қарамаған көрінеді. Соның салдарынан баланың мұрнына қатты зақым келген. Сондықтан әйел сотқа жүгінуге мәжбүр болыпты.

2020 жылдың қаңтарында сот жәбірленушінің пайдасына 1 миллион теңге өндіріп алу туралы шешім шығарды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары