Қарағандылық полиция қызметкерлері қақаған қыста жалаңаш қалпында үйдің шатырына шығып алған ер адамды бір өлімнен құтқарып қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әлгі адам үйдің төбесіне шыққанда мас күйде болған. Ол үйдің төбесінде суықта жарты сағаттай отырып қалыпты. Жалаңаш әрі мас болып үйдің төбесінде шоқшиып отырған адамды сол маңнан өткендер мен көршілері көріп қалыпты. Ер адам шатырдың шет жағына қарай жақындап отырып, төмен секіруге әрекеттенген.
Абырой болғанда оқиға болған жерге дереу жеткен полиция қызметкерлері кісі өлімінің алдын алды. Олар шатырған тез-тез көтеріліп, мас адамды биіктен аман-есен түсіріп алуға көндірді. Нәтижесінде, жалаңаш шатырға шыққан адам бір өлімнен аман қалып отыр. Бір ескерте кететін жайт, әлі адамды құтқаруған полицейлердің өміріне қауіп төнген. Себебі, олар өз өмірлерін сақтандырусыз әрекет еткен. Қуанышқа орай, қазір олардың барлығы дін аман.
.Куәгерлер тәртіп сақшыларының ерліктерін видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерге жариялап жіберген. Видеоны көрген желі қолданушылары, полиция қызметкерлерінің жұмыстарына риза болып, алғыс айтып, ерлік жасаудың қауіпті екенін жеткізуде. Видеоны көптеген адам тамашалаған.
«Төбесіндегі ер адам туралы сигнал 12 ақпанда кешке 102-ге келіп түсті. Дамир Оразов және машықтанушы Тимур Сұлтанғазы жақын маңда жүргендіктен сол жерге жол тартқан. Олар 31 жастағы ер адамды шатырдан түсіріп, оны дәрігерлердің қолына тапсырды.», - деп хабарлайды Қарағанды облыстық ПД-нің баспасөз қызметі.
Шатырдағы адам құтқарылған жерге дәрігерлер жеткенде, әлгі кісінің мас екендігін анықтады. Оған қоса, ер азаматтың саусақтары мен башпайлары бірінші дәрежелі үсік шалғанын айтты.
Оқиғаның мән-жайын анықтай келе, ер адамның отбасы мүшелерімен арада кикілжің болып, ұрысып қалғаны белгілі болды. Бірақ, оның неліктен іш киім және шұлықпен ғана шатырға шыққаны белгісіз.