Оқиғалар 13.02.2020 сағат 10:00

Түркістанда таксиге мінген 2 жолаушы жүргізушінің бетіне шанышқы тығып алды

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Түркістанда таксиге мінген 2 жолаушы жүргізушінің бетіне шанышқы тығып алды
Фото: pixabay.com
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Түркістан қаласында таксиге мінген жолаушылар жүргізушіні қорқытып, бетіне шанышқы тығып алған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Екі жолаушыдан таяқ жеген жүргізуші көлігін тоқтатып, әрең дегенде қашып құтылған. Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Түркістан қалалық полиция бөліміне такси жүргізушісі арызданған. Оның сөзінше, оқиға 12 ақпан таңғы сағат 7:15 шамасында болған. Белгісіз екі адам телефон арқылы такси шақырған соң жүргізуші көлігімен жетіп барған. Көлікке отырған жолаушылардың бірі мас болған. 

Ол жолда таксиске тиіскен. Қалтасындағы шанышқымен бетін жарақаттаған соң жәбірленуші қашуға мәжбүр болды. Тәртіп сақшылары қылмыскерлерді жарты сағат ішінде ізін суытпай қолға түсірді. Олар жәбірленушінің көлігін әлі мініп жүрген екен. Тергеу барысында күдіктілердің екеуі де жергілікті тұрғындар болып шықты. 

«Аталған жайт ҚР ҚК 200-бабы («Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз заңсыз иелену») бойынша тіркелді. Күдіктілердің бірі қамауға алынып, екіншісі қолхатпен босатылды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар