$ 494.87  520.65  4.91

Масаншыда қираған үйінділердің астынан мәйіт табылды

Марқұмның денесі күйіп қалған.
Фото: Sputnik / Тимур Батыршин
Фото: Sputnik / Тимур Батыршин

Масаншы ауылындағы сауда орталығы ғимаратын тазарту жұмыстары кезінде қираған үйінділердің астынан адамның мәйіті табылды. Марқұмның денесі күйіп қалған. Бұл туралы  Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі Қанат Құлшыманов әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«11 ақпан күні сағат 12:07-де Жамбыл облысы Полиция департаментінің кезекші бөліміне Қордай ауданының Масанчи ауылындағы сауда орталығы ғимаратын (өрттен кейін шатыр құлаған) тазарту кезінде қираған үйінділердің астынан адамның күйген денесі табылғаны туралы хабар түсті», - деп жазды ол.

Қазіргі таңда марқұмның жеке басын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптамасы тағайындалған.  Осы оқиғаға байланысты жедел іздестіру жұмыстары жүргізілуде. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары