Елордада екі қабатты жатақхана өртенді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«16 ақпанда сағат 21:37-де Нұр-Сұлтан қаласының өрт сөндіру қызметіне Күлтегін көшесіндегі екі қабатты жатақхананың өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті. Өртті сөндіруге ТЖД-ның 26 қызметкері мен 7 техникасы жұмылдырылды.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде ғимараттың екінші қабаты мен шатыры жанып жатқан. Жалын сағат 22:44-те толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Аталған жатақханада 20 бөлме болған» делінген ТЖК хабарламасында.