17.02.2020, 12:40

«Бала шыңғырып, талып қалды»: 5 жасар қыздың өмірін мас ағасының ойыны түнек қылды

Фото: crimerussia.com
"Балаға дұрыс қарамадың" деп барлығы мені кінәлады, қызымның ағасын ешкім қаралаған жоқ. Амал жоқ, туған ауылымнан Алматыға кетуге мәжбүр болдым.

Мас ағасының ойнап жасаған әрекеті үшін 5 жасар қызы ауыр дертке ұшыраған әйел мұңын шақты. Әйелдің сөзіне сенсек, күйеуінің ағасы үйіне мас болып келіп, бауырының кішкентай қызын жоғары көтеріп алған екен. Содан қыздың ұстамасы басталған. Ал оған дейін қызы сап-сау болған, деп хабарлайды, Skifnews.kz ақпарат порталы, Экспресс-К басылымына сілтеме жасап. 

"Менің қызым бес жасынан эпилепсиямен ауырды. Күйеуімнің туған ағасы мас болып келіп, қызымнан "Американы көргің келе ме?" деп сұрады. Оның жауабын күтпестен қызымның басынан ұстап, жедел көтеріп жіберді. Мен ештеңе жасап үлгермедім. Бала шыңғырып жіберіп, талып қалды. Одан кейін жедел жәрдемнің келуін күттім. Сол сәтте мен үшін уақыт тоқтап қалғандай болды. Дәрігерлер шақырған соң 20 минуттан кейін келді. Ал маған олардың жетуі үшін бірнеше сағат өтіп кеткендей.

Қызымды ауруханаға жатқызды. Екі күннен соң қызымда эпилепсия белгілері басталды. Барлық туыстарым менен теріс айналды, күйеумнің туыстары да. "Балаға дұрыс қарамадың" деп барлығы мені кінәлады, қызымның ағасын ешкім қаралаған жоқ. Амал жоқ, туған ауылымнан Алматыға кетуге мәжбүр болдым. Күйеуім де, әжесі де баламның өміріне қызықпайды. Қазір бұрынғы күйеуімнің басқа отбасы бар", - деп басынан өткерген қиындықтарын айтып берді Алима есімді келіншек.