«Петропавл-Қызылорда» жолаушылар пойызының машинисі «Аршалы-Анар» бағытында қозғалған жүрдек пойыздың түнгі уақытта 11 жылқыны жайратқанын айтты, деп хабарлады Polisia.kz-ке сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы.
Осы факті бойынша әкімшілік іс қозғалды. Көлік полициясы жылқы иелерін анықтау бойынша іздестіру шараларын жүргізді.
Сондай-ақ, 16 ақпанда сағат 01.38-де Нұр-Сұлтан станциясындағы полиция бөліміне малдардың теміржол бойында жүруіне байланысты пойызды жедел тежегенін хабарлады. Пойыз тоқтап үлгермей, жылқылардың бірінен соң бірін қағып өлтірген.
Аталған факті бойынша Ерейментау станциясындағы жедел-тергеу тобы оқиға орнына жөнелді. Іс-шаралардың нәтижесінде, Ерейментау ауданының 42 жастағы тұрғыны, жылқылардың иесі ҚР ҚК-нің 559-бабы ("Темір жол бойында мал жаю") 1-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды және 5 АЕК айыппұл салынды.