$ 444.22  476.38  4.82

Футболшыны нұқып қалған бапкер ойын алаңынан табанын жалтыратты (ВИДЕО)

Ызасын ым-ишарамен көрсетеді.
Фото: Tudn.com
Фото: Tudn.com


Италияның D сериясындағы "Гросетто" мен "Монтеросси" арасындағы матчте қызықты оқиға болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Ойынның 78-ші минутында "Гросетто" бапкері Ламберто Магрини жартылай қорғаушы Риккардо Кретелланы Маттиа Раванеллиге алмастырады.

Бұған наразы болған Кретелла ызасын ым-ишарамен көрсетеді, осыдан кейін бапкер футболшының шүйдесінен нұқып қалды. 

Көмекшісімен азырақ ақылдасқан бас төреші бапкерге бірден қызыл қағаз көрсетті. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары