Италияның D сериясындағы "Гросетто" мен "Монтеросси" арасындағы матчте қызықты оқиға болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Ойынның 78-ші минутында "Гросетто" бапкері Ламберто Магрини жартылай қорғаушы Риккардо Кретелланы Маттиа Раванеллиге алмастырады.
Бұған наразы болған Кретелла ызасын ым-ишарамен көрсетеді, осыдан кейін бапкер футболшының шүйдесінен нұқып қалды.
Көмекшісімен азырақ ақылдасқан бас төреші бапкерге бірден қызыл қағаз көрсетті.