$ 514.65  544.6  5.17

Полиция табыт жасайтын тұрғынның есігін бұзып кіріп, күтпеген жағдайға тап болды

Мүмкін қылмыс болған шығар.
Фото: bolshoyvopros.ru
Фото: bolshoyvopros.ru

Ақмола облысында төсектен ерлі-зайыптының денесі табылды. Болжам бойынша, 10 жылдан бері табыт жасаумен айналысатын 60 жастағы азамат әйелімен бірге пештен шыққан ыстан улануы мүмкін, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, КТК арнасына сілтеме жасап.

Не телефонға жауап бермей, не есігін ашпаған соң туыстары полицияға хабар берген. Тәртіп сақшылары есікті бұзып кіргенде, төсекте жатқан қалпы көз жұмған ерлі-зайыптыны көреді. Олардың денесінде ешқандай зорлық ізі жоқ. Марқұмдардың балалары Ресейде тұрады екен.

Туыстарының сөзінше, үй иелері бұған дейін пештен түтін шығып, үйдің іші ыс болатынын талай айтқан. Бірақ олардың нақты неден өлгені тек "сараптамадан кейін белгілі болады" деп отыр құтқарушылар.

"Олардың неден қайтыс болғаны әлі анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалғанымен, бізге ешқандай ақпарат түскен жоқ. Мүмкін қылмыс болған шығар. Оның барлығы тексеріледі", - дейді Ақмола облыстық ТЖД басқарма бастығы Денис Шелкоплясов.  


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары