$ 494.87  520.65  4.91

Атыраудың 138 шетелдік азамат заңсыз жұмыс істейтін кәсіпорнында төбелес болды

«Бір ЖШС-ында Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің азаматтары жұмыс істейді екен», - деді Марат Қожаев.
фото: inform.kz
фото: inform.kz

Атырауда шетелдіктер жұмыс істейтін кәсіпорында төбелес болды. Бұл туралы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

«Таяуда Атыраудағы кәсіпорындардың бірінде төбелес болды. Онда қылмыс болмаса, 300-ден астам шетелдіктің жұмыс істеп жүргенін білмес пе едік? Бір ЖШС-ында Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің азаматтары жұмыс істейді екен», - деді Марат Қожаев.

Тергеу барысында, олардың 138-інің заңсыз жұмыс істейтіні анықталған.

Тағы оқи отырыңыз: «Маргиналдар азаяды»: Зағипа Балиева ұлдарды бірінші сыныптан бастап әскер етуді ұсынды

«Бірнеше адам сөзге келіп қалған. Бұл жағдай болмағанда, ол кәсіпорынды тексеруге бармас та едік. Төбелестің мән-жайын анықтау барысында 138 шетелдіктің заңсыз жұмыс істеп жүргені белгілі болды. Олар еңбек мигранттары ретінде рәсімделмеген. Шетелдіктер біздің елге басқа мақсатпен келген. Бірақ, ЖШС көші-қон заңнамасын бұзып отыр», - деді ІІМ өкілі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары