$ 494.87  520.65  4.91

Ұлымен жанжалдасып қалған әйел полицейге балта лақтырды

Енді былапыт сөздер айтып, тіл тигізгені үшін емес, полицияға шабуыл жасағандықтан жауапкершілікке тартылуда.
Фото: azattyq-ruhy.kz
Фото: azattyq-ruhy.kz

Инспектор 27 жастағы жігітті пәтерден шығармақ болғанда, әйел балта лақтырған. Сол үшін әйел жауапкершілікке тартылып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, КТК арнасына сілтеме жасап.  

 Әйелдің ерсі әрекетінің салдарынан полицей жарақат алған. Қостанай облысының оңтүстік полиция бөліміне Водяная көшесінде орналасқан пәтерде отбасылық жанжал болып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына учаскелік полицей Алмат Рамазанов келіп жетті. Ол 27 жастағы жігіт пен оның 49 жастағы анасының арасында жанжал шыққанын анықтады. 

Бұл отбасында полицей бірнеше рет болған. Полиция қызметкері тексеріп жатқанда әйел адам әрдайым инспекторға былапыт сөздер айтады екен. Бұл жолы бәрі басқаша болды. Анасы ұлын алып кетуді сұраған. Инспектор онымен сөйлесіп, пәтерден шығарғысы келгенде, әйел балтаны алып, учаскелік полицейге қарай лақтырған. Полиция қызметкері өзін қорғамақ болса да, балта тиіп, дене жарақатын алды. 

Балта лақтырған әйел қазір қамауға алынды. Мұндай жағдай үшінші рет болып отыр. Енді былапыт сөздер айтып, тіл тигізгені үшін емес, полицияға шабуыл жасағандықтан жауапкершілікке тартылуда. Қылмыстық кодекстің 380-бабы "Билік өкіліне қатысты күш қолдану" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап 3 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Учаскелік инспекторға ауруханада алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары