$ 494.87  520.65  4.91

«Ойдан шығарылған»: 70 жастағы әйел көршісіне подъезді ластап жатқанын ескерткені үшін өліп кетті

Сотталушының адвокаты Баят Алханова тергеу қорытындысымен келіспейді.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Кейуана пәтеріне жөндеу жүргізіп жатқан адамға подъездің лас екенін ескерткені үшін өліп кетті, деп хабарлайды BaigeNews.kz-ке сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тергеу мәліметтері бойынша, құрылысшы мен 70 жастағы әйелдің арасында лас подъездің кесірінен жанжал туындаған. Әйел оған ескерту жасап, лас табанымен жерді былғай бермеуін өтінген. Сіркесі наразылықты көтере алмай қалған жұмысшы әйелді өлтіруге бел буған.

Іс материалына сәйкес, жұмысшы егде тартқан әйелді 5 жерден пышақтаған. Кейін оқиға орнынан із суытқан. Ал әйелдің мәйітін көршілері 2 күн өткен соң үйінен тауып алыпты.

Қарағанды ​​облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Бекзат Шалғымбаев сотталушыны Қылмыстық кодекстің 99-бабы «кісі өлтіру» бойынша айыптады.

«Сотталушы 11 жылға бас бостандығынан айрылып, жазасын қатаң режимдегі түрмеде өтейді», - деп хабарлады сот.

Сотталушының адвокаты Баят Алханова тергеу қорытындысымен келіспейді. Оның ойынша, сот "түймедейді түйедей еткен" көрінеді.

«Ойдан шығарылған мотив. Өйткені қарт әйел мен сотталушының қарым-қатынасы өте жақсы болған. Күдікті әйелден шәйнек сұраған, әже де оған шәйнегін беріп тұрған. Осыған қарап, олардың арасында ешқандай жанжал болмағанын аңғаруға болады» - дейді адвокат Баян Алханова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары