$ 498.34  519.72  4.85

«Өте жаман жағдай»: «Kesh You» тобының директоры «SCAT» әуе компаниясын сотқа бермек (ФОТО)

2 әйелді елшілік қызметкерлері алып жүрген. Олар басқа жолаушылармен бірге маскасыз отырған.
Фото: instagram.com/nazymbaskynbayeva
Фото: instagram.com/nazymbaskynbayeva

Токио-Нұр-Сұлтан бағытындағы рейстен кейін екі апталық карантинге жіберілген жолаушылар сотқа талап-арыз дайындауда. Олар лайнерде қауіпсіздік шаралары дұрыс сақталмағандығын алға тартып, "SCAT"  әуе компаниясын сотқа бермек, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Astana.tv-ға сілтеме жасап.

Бұл туралы «Kesh You» тобының директоры Instagram парақшасында да жазды.

Осы бағытта елорда әуежайына "SCAT" әуе компаниясының ұшағында бұған дейін коронавирустың пайда болуына орай, карантинге жабылған круиздік лайнерден шыққан төрт қазақстандық басқа жолаушылармен бірге ұшып келген екен. Ұшақтағы 20 шақты жолаушы мен экипаж мүшелері әуежайдан бірден карантинге жіберілген. Оларды Нұр-Сұлтаннан 7 км қашықтықтағы жұқпалы аурулар ауруханасына алып кетіпті.

Карантинге жіберілгендердің арасында «Kesh You» музыкалық тобының директоры Назым Басқынбаева да бар. Белгілі топ директорының үнінен құлақ түрсек, ұшу кезінде қауіпсіздік ережелері бұзылған. 2 әйелді елшілік қызметкерлері алып жүрген. Олар басқа жолаушылармен бірге маскасыз отырған.

"Біз ұшақтан түсіп, автобусқа отырдық. Терминалдың орнына қаланың сырт жағына қарай кеттік. Тек жұқпалы ауруханаға келгеннен кейін ғана ұшақтың бортында "Diamond Prinsecc" круиздік лайнерінің 4 жолаушысы болғанын хабарлады. Үрей болды, қорқыныш болды, ашу болды. Бұл өте жаман жағдай, және осы оқиғадан кейін бұл мәселе шешілетін болады деп үміттенемін", - деді Назым Басқынбаева.

Оның сөзінше, компанияның ережелерінде де, жолаушыларды тасымалдау ережелерінде де авиакомпания жолаушылардың қауіпсіздігі үшін жауап беретін ереже жоқ. Ал "SCAT" әуе компаниясында жолаушылар рейске тіркелгенге дейін қай жерде болғанын білмегендіктен, басқа клиенттерді алдын ала ескерту мүмкін болмағанын мәлімдеді.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары