$ 514.65  544.6  5.17

Таразда тойға барғандар астан уланып қалды (ВИДЕО)

Дәрігерлер тойханада ас дұрыс сақталмаған болуы мүмкін деп болжайды.

Таразда мейрамханалардың біріне тойға келгендер астан уланып қалған. Қазір жетеуі ауруханада жатыр. Ал, қалғандары алғашқы көмектен соң үйлеріне босатылыпты, деп хабарлады Астана телеарнасына сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы.

Науқастардың айтуынша той өткен соң, ертеңінде өздерін жайсыз сезінген. Алғашында іштері ауырып, жүрегі айныған, кейін ыстығы көтеріле бастапты. Жедел жәрдем оларды облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізген.

"Мына жерде жатқан балалар бөліміндегі бала тойға барған жоқ. Ол жаңағы тойдан апарған сарқыт самсаның жартысын ғана жеген. Бір инфекция түскен бе деймін тамаққа. Тек қана ет жеген адамдардың өзі, мысалы, сарқытқа алып барған етті жегендер де ауырып жатыр. Ет деген ол қайнатылған нәрсе ғой", - дейді науқас Мұхтар Шаханов.

Дәрігерлер тойханада ас дұрыс сақталмаған болуы мүмкін деп болжайды. Бірақ, әзірге нақты қорытынды жоқ. Сараптама жұмыстарының нәтижесінен соң, неден уланғандарын жария етпек.

"Қалтырап, дірілдеп ауыр жағдайда түсті, әрине. Қазір жағдайлары орташа дәреже деп бағалануда. Түрлі-түрлі мысалдар айтып жатыр. Сондықтан біз бір тұжырымға келе алмаймыз", - деді дәрігер Талғат Шымырбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#адам улану