26.02.2020, 12:00

Арам пиғылды жігіт Пентагон маңында тұрған автокөлікті жарып жібермекші болды

Фото: versiya.info
Арлингтон ұлттық зиратының қоршауынан асып түсіп, табанын жалтыратқан.

Америкалық жігіт федаралдық сот алдында жауапқа тартылды. Себебі оған "Пентагон маңында тұрған автокөлікті жармақ болды" деген айып тағылып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Reuters-ке сілтеме жасап.

Күдікті Пентагон тұрағындағы көлікке от қойып,  оны жарып жібермекші болған. Арканзас штатының 19 жастағы тұрғыны Мэтью Дмитри Ричардсонды дүйсенбіде Пентагон полицейлері ұстап алды. Сот құжаттарындағы дерекке сәйкес, полиция офицері жігіттің көліктің бензин багына матаның бір бөлігін салып, оны тұтатпақ болғанын байқап қалған. Абырой болғанда жаралыс болған жоқ.

Дмитри ұсталып қалған кезде офицерге "көлікті жарып жібергісі келетінін айтқан". Айтпақшы, оны тұтқындамақ болған сәтте, әлгі жігіт қашып құтылуға тырысып, ақыры Арлингтон ұлттық зиратының қоршауынан асып түсіп, табанын жалтыратқан. Алайда, арада бір сағат өткен соң, оны Пентагон қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері бәрібір ұстады. Енді оған "арам пиғылмен автокөлікке от қойып, жойып жібермек болды" деген айып тағылды.