26.02.2020, 14:00

Өскемен әуежайының маңына санитарлық авиацияның ұшағы құлады (ВИДЕО)

Фото: ІІМ ТЖД баспасөз қызметі
Ұшақта болған 5 адамның барлығы да аман, зардап шеккендер жоқ.

Өскемен әуежайының маңында санитарлық авиацияның АН-2 ұшағы құлады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ШҚО ТЖД өкілдерінің мәліметінше көз жүгіртсек, АН-2 ұшағы жергілікті уақыт бойынша сағат  12:33-те  құлаған. Ұшақта болған 5 адамның барлығы тірі.  Бір ұшқышқа медициналық көмек көрсетілуде. Санитарлық авиацияның ұшағы Прапорщиково ауылының маңында апатқа ұшырады.

Фото:  ІІМ ТЖД баспасөз қызметі 

"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі "Орлан 2000" әуекомпаниясының Ан-2 ұшағы санитарлық тапсырмамен Өскемен-Ақсуат бағыты бойынша ұшып бара жатқанын хабарлайды. Сағат 12.50-де экипаж қозғалтқыштағы жағдайды айтты. Ұшақ командиріне Өскемен әуежайынан 1,5 шақырым жерде қону керек болған. Ұшақта бес адам болды, үш экипаж мүшесі мен екі жолаушы. Қаза тапқандар жоқ", - деп хабарлады Азаматтық Авиация комитеті.

Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің апаттарды тергеу басқармасы қазір ұшақтың құлауына байланысты мән-жайды анықтап жатыр.

 

Тегтер: Өскемен